LG D295 User Manual

Page of 406
32
Басты экраныңыз
ЕСКЕРТПЕ. Бір ғана SIM картасы салынса немесе бір SIM картасы өшіп тұрса, 
SIM картасын ауыстыру мүмкін болмайды және SIM картасын ауыстыру пернесі 
әрекетсіз болады. Қоңырау, хабар жіберу немесе деректер қызметін пайдалану 
кезінде басқа SIM картасының RSSI көрсеткіші желі қызметінің күйіне байланысты 
«No service» (Қызмет жоқ) деп көрсетілуі мүмкін.
 АБАЙЛАҢЫЗ!
Қызмет көрсету аясынан тыс жерде болсаңыз, бұл құрылғының көп батарея 
қуатын тұтынуына себеп болуы мүмкін.
Хабарландырулар тақтасын ашу
Хабарландырулар тақтасын ашу үшін күй жолағында төмен жанап өтіңіз.
Жылдам ауыстыру аумағы
Жылдам ауыстыру пернесін қосу/өшіру үшін оны басыңыз. 
Функцияның баптаулар мәзіріне өту үшін пернені басып 
тұрыңыз. Басқа ауыстыру пернелерін көру үшін солға не оңға 
қарай сипаңыз. Ауыстыру пернелерін жою, қосу немесе қайта 
реттеу үшін 
 опциясын түртіңіз.
QSlide қосымшалары
Экранда кішкентай терезе етіп ашу үшін QSlide қосымшасын 
түртіңіз. QSlide қосымшаларын жою, қосу немесе қайта реттеу 
үшін 
 опциясын түртіңіз.
Барлық хабарландыруды өшіру үшін түртіңіз. 
Хабарландырулар
Ағымдағы хабарландырулардың әрқайсысы қысқаша 
сипаттамасымен тізімде берілген. Хабарландыруды көру үшін 
оны түртіңіз.
Хабарландырулар тақтасын жабу үшін қойындыны түртіп, 
экранның үстіне қарай жылжытыңыз.